Технико экономическое обоснование проекта (на казахском языке) - файл n1.doc

Технико экономическое обоснование проекта (на казахском языке)
Скачать все файлы (118 kb.)

Доступные файлы (1):
n1.doc118kb.16.02.2014 01:37скачать

n1.doc

5 Жобаның техника-экономикалық бөлімі


Осы жобаның негізгі мақсаты – Маңғыстау ауданының телефон желісінің кейбір станциялар арасындағы станцияаралық жолдарды жетілдіру болып табылады. Бұл үшін келесі жұмыстар атқарылады:

1) станцияаралық байланыс жолдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

2) осы елді мекен аралықтарында тиісті де, тиімді тығыздау жүйесі мен байланыс жолдарын таңдап, алмастыру.

Жобаны "Қазақтелеком" АҚ жүзеге асырады. Атқарылатын мақсаты Маңғыстау ауданындағы орнатылатын жаңа цифрлық тығыздау жүйелері мен байланыс жолдарынының экономикалық тиімділігі параметрлерін есептеу болып табылады.

Экономикалық тиімділік параметріне келесілер жатады: негізгі жұмыстан түсетін пайда; байланыс құралдарын пайдаланудағы кететін шығындар; таза пайда көлемі; жабдықтардың және байланыс жолдарының рентабельділігі. қызмет көрсетудің өзіндік құны.

Оптикалық кабельмен, цифрлық тығыздау жүйесін жұмысқа енгізгенде келесі ерекшеліктермен мүмкіндіктерге ие болады: ақпаратты тарату жылдамдығы артады; Интернетке қосылу, тиісті жылдамдықты қамтамасыз ету мүмкінділігі артады.

Қазіргі күні "Қазақтелеком" АҚ байланыс саласының ауылдық жерлердегі желілердің негізгі иелері болып табылады, бірақ бұл желілердің көп бөлігі қазіргі талаптарға сай келмейді. Сондықтан республикада бірнеше жеке операторлар дамуда, олар қызметті сапалы жаңа деңгейде көрсетеді және осы аймақтағы негізгі конкуренттер болып табылады. "Қазақтелеком" АҚ басқа бәсекелестерге қарағанда телекоммуникация қызметі аймағында келесі ерекшеліктері бар:

Қызметтерге кететін баға келесіден тұрады: жабдық құны; эксплуатациялық/жұмысқа пайдалану шығындары; қызмет көрсету бағасы, тариф бірлігіне сәйкес құрылады.

Сатылу саясаты келесідей болады: телефон аппараттарын орнату; ай сайын телефонның қызметіне төлем ақы алу.

Экономикалық тиімділікті анықтағанда, ең алдымен капиталдық шығындар көлемін анықтау керек.

Капиталдық шығындар келесі құраушылардан тұрады: құрылғы құны, Ц, мың тг.; құрылғыны монтаждау құны, Кмонт (5% құрылғы құнынан), мың тг.; К каб кабель құрылысына кететін шығындар, мың тг., (кабель құны мен құрылысына кететін шығындар, кабель құнынан 50% дейін); көлік шығыны, Ктр (2% құрылғы құнынан), мың тг.; Кескр ескерілмеген шығындар, барлығының құнынан 20% көлемінде.



Жабдық түрі мен кабель түрі

1 шарты бірлігінің Құны, тг


Қажетті саны,


Барлығы,

мың тг.

Ескерту

FlexGain FOM16L2-мультиплексоры

437400

10 дана

4,374000




Оптикалық кабель- ОКГ

85000

115 км

9,775000




Полиэтиленді тұрба

40000

115 км

4,600000





Ц = ? = 572400
Жалпы капиталдық шығын келесі формуламен есептелінеді:
К = Ц + Кмонт + К каб + Ктр + Кескр (5.1)
Ц = мульт + труба = 8974000
Монтаждық жұмысқа кететін шығын:
Кмонт = Ц · 0,05
Кмонт = 8974000·0,05 = 448700 мың тг.
Станцияны тасымалдауға кеткен шығын:
Ктр = Ц · 0,02
Ктр = 8974000 · 0,02 = 179,480 мың тг.
Кескр = 0,2· ?Ц =3749800
Ккаб = 1,5 · 9,775000 =14662500
Сонда жалпы капиталдық шығын (5.1):
К = 8974000 + 448700 + 179480 + 14662500 + 3,749800 = 28014480 мың тг.
Бұл жобаға кететін эксплуатациялық шығын мөлшері, төмендегі формуламен анықталады:
Э = Е + А + Э + Шәс + Шәк + М (5.2)
Эксплуатациялық шығын келесі статьяларда тұрады:

Станция аралық байланыс жолдарымен, жабдықтарды орнату өз күшімен іске асырылада. Осы жұмысқа АТТ-ң ауылдық байланыс пен тығыздау жүйелеріне жауап беретін ИТЖ (ИТР) жауап береді.

Әрбір жұмысшыға/қызметкерлерге ай сайын кететін жалақы мөлшері төмендегі кестеде 5.1 келтірілген.

5.1 кесте – Жалақы мөлшері




Қызметі


Санат



Саны


Жалақы мөлшері,

тг.


Жылдық жалақы, мың тг

1

Инженер

ІІ

1

71800

861,6

2

Электромеханик

5

2

37700

452,4

3

Монтер

7

2

48100

577,2

4

Кабельші

6

1

42500

510,0




Барлығы










4802,4


Инженер жалақысы = 3мІсанат · Ктар
Инженер жалақысы = 17444 · 4,12 = 71800 тг
Эл.мех. = 17444 · 2,76 = 48100 тг
Эл.монтер = 17444 · 2,16 = 37700 тг
Кабельші = 17444 · 2,44 = 42500 тг
Жұмысшыларға бір жылда кететін жалақының мөлшері келесі формуламен анықталады:
Е = (? аi · шi ) 12 (5.3)
Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қорының 11 % -ін құрайды.

Шәс =Е· 0,11%,
Шәс = 4802,4 · 0,11 = 528,264 мың тг.
Амортизациялық шығын жабдық құнынан және амортизациялық шығын нормасы негізінде табылады. Амортизациялық шығын жабдық құнының 8%-нен тұрады:
А = K · 0,08,
А = 28014,5 · 0,08 = 2241,2 мың тг.
Мүлікке салық ЖПФ түсетін ақшаның 1,5 % құрайды:
(28014,5 - 2241,2) · 1,5% = 386,6
Материалдарға және қосалқы бөлшектерге шығын жабдық құнының 2%-ін құрайды:
М = К · 0,02,
М = 28014,5 · 0,02 = 560,3 мың тг.
Өндірістегі электр энергияға кететін шығын келесі формуламен анықталады:
Эн = 10,5 · W , (5.4)
мұндағы 10,5 - бір кВт/сағ құны; W - өндірістегі электрэнергия, кВт.

W - өндірістегі электрэнергия төмендегі формула көмегімен анықталады:
,
мұндағы I - 1000 нөмір үшін ток I = 15А; v - станциялық кернеу 56В; n - мыңдық топ саны ; ? - пайдалы әсер коэффициенті (0,6 ч 0,7); к - концентрация коэффициенті к = 1,1.

Сонда:
Эл = 30960 квт · 8,44 = 261,3 мың.тг
Есептеу нәтижелелері кестеде келтірілген (кесте 5.2).

5.2 кесте - Эксплуатациялық шығындар

Шығындар түрі

Бағасы, мың тг.

Еңбек ақы бойынша шығындар, Е

4802,4

Әлеуметтік сақтандыру, Шәс

377,4

Амортизациялық шығындар, А

2241,2

Материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындар, М

5603

Электрэнергияға төлемдері, Эн

261,3

Әкімшілік шығындары, Шә.к.

290,3

Мүлікке салық

386,6

Барлығы

7547,9


Кәсіпорынның өзіндік табысы келесі формула көмегімен анықталады:
Т =Торнтарқ.с.қ.қ.т (5.5)
мұнда Тфн - жаңа абоненттік нөмірді орнатуда алынған табыс; Ттар - тарифтік табыс; Тқ.с. - қалааралық сөйлесуден алынған табыс; Тқ.қ.т - қызмет көрсетудің қосымша түрлерінен түсетін табыс.

Тарифтік табыс абоненттік төлемақы негізінен есептелінеді. Тарифтік табыс тұрғындар үшін - 590 тг., мемлекеттік мекемеге - 950 теңге, сонда (жобада қаралатын екі станция абоненттері):
Ттар = 700 · 12000 = 8400,0 мың тг.
Табон.төл = 700 · 520 = 235000 мың тг.
Тқ.с. = 235000 · 12 = 4368,0 мың тг.
Пайданы келесі формуламен есептейміз:
П = Т - Э (5.6)
мұнда Т – табыс; Э – эксплуатациялық/жұмысқа пайдалану шығындары.
П = 16768-7547,9 = 9220,1 мың тг.
Корпоративті салық пайданың 20 % құрайды, сонда:
Кс=1844,0 мың тг.
Таза пайданы табамыз:
Пт =Т-Кс= 9220,1-1844,0=7376,1 мың тг.
Өзін-өзі өтеу мерзімі келесі формуламен анықталады:
(5.7)
мұнда Ен ? Ее Тн ? Те шарты бойынша, Ен - нормаланған тиімділік коэффициенті.

Маңғыстау ауданындағы АТС арасындағы байланыс жолдарын жетілдіруді енгізудегі бизнес – тиімділік келесі кестеде келтірілген (кесте 6.4).
6.3 кесте – Бизнес тиімділік


Экономикалық көрсеткіштер



Өлшеу

бірлігі


Мәндері

Капиталдық шығындар

мың тенге

28700,5

Өзіндік табыс

мың тенге

16768

Эксплуатациялық шығындар

мың тенге

7547,9

Пайда

мың тенге

9220,1

Корпоративті салық (пайданың 15% көлемінде)

мың тенге

1844,0

Таза пайда

мың тенге

7376,1

Өзін-өзі өтеу мерзімі

жыл

3,8





Салыстырмалы кесте

Жаңартуға дейін

Жаңартудан кейін

Атаулары

Бірлік

?

Атаулары

Бірлік

?

Абоненттер саны

шт

5000

Абоненттер саны

шт

5700

Пайда




44676

Пайда




61444

Шығындар эксплуатациясы




35740

Шығындар эксплуатациясы




43288

Пайда




8936

Пайда




18156
Учебный текст
© perviydoc.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации